blog Images

«Шаңырақ»мешітінде тазалық және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

 «Таза Қазақстан»республикалық акциясы аясында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінде сенбілік өтті.

Игі шараға мешіт ұжымы мен ерікті жамағат белсене қатысты.

​Бұл шараның басты мақсаты — қоршаған ортаны қорғау, қала тазалығына үлес қосу және мұсылман қауымы арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. «Тазалық — иманның жартысы» деген ұстанымды ту еткен қала тұрғындары мешіт ауласын гүлдендіруге атсалысты.

​ Мешіт ауласына жас көшеттер егіліп, болашақта саялы баққа айналатын ағаштар отырғызылып,демалушыларға жайлылық сыйлау мақсатында ауладағы орындықтар (скамейкалар) сырланып, жаңартылды.

​ Сондай-ақ,мешіт маңындағы қоқыстар тазартылып, ағаш түптері қопсытылды.
​«Ағаш егу — сарқылмас садақа. Біз бүгін тек тазалық жасап қана қоймай, келешек ұрпақ үшін көлеңкелі бақ, таза ауа сыйлайтын берекелі істі қолға алдық. Осы игі шараға атсалысқан барша жамағатқа алғыс білдіремін», — деді бас имам Еркеғали Сағынбайұлы.

​Табиғатты аялау — әрбір азаматтың қарызы. Жаңаөзен қалалық мешіті ұйымдастырған бұл сенбілік қаланың көркін ашып қана қоймай, бірлік пен тазалықтың үлгісін көрсетті.

​«Таза Қазақстан» — тазалықты өзімізден бастайық!