«Шаңырақ»мешітінде шағын футболдан ашық турнир өтті
«Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қалалық “Шаңырақ” мешітінің жамағаты, ұстаздары және шәкірттері арасында шағын футболдан ашық турнир ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты — жамағат арасында бауырмалдық пен ынтымақты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және достық қарым-қатынасты нығайту болды.
Жарыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталып, салтанатты түрде мешіттің Бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы Альбетовтың құттықтау сөзімен ашылды. Бас имам өз сөзінде спорттың қоғамдағы және дініміздегі орны ерекше екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты әрі қызықты өткен ойын нәтижесінде:
🥇 Бірінші орынды — мешіт жамағаты,
🥈 Екінші орынды — ұстаздар тобы,
🥉 Үшінші орынды — мешіттің шәкірттері иеленді.
Жарыс барысында қатысушылар өзара сыйластық пен достықты жоғары деңгейде көрсетті.
Сонымен қатар, турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына қолдау білдіргені үшін Жаңаөзен қалалық спорт басқармасының басшысы Аида Жалғасбаеваға айрықша алғыс білдірді.
Осындай игі шаралар жамағат арасындағы бірлікті арттырып, жастарды спортқа және салауатты өмір салтына баули түсетіні анық.
Алла Тағала осындай берекелі бастамаларымызға игілік нәсіп етсін!







