blog Images

«Шаңырақ»мешітінде Республика күніне орай рухани шара өтті

25 қазан – Республика күні мерекесіне орай Жаңаөзен қалалық Шаңырақ мешітінде әйелдер мен қыздар жамағатының қатысуымен «Әйел және отбасы» тақырыбында рухани семинар өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы әйелдің рөлін айқындап, отбасылық құндылықтардың мәнін насихаттау болды.

Семинар барысында «Әйел — өмір өзегі» тақырыбы төңірегінде маңызды мәселелер талқыланды.
Шараның арнайы қонағы – Сәби Атабайұлы мешітінің ұстазы Асқарқызы Арайлым әйел мен отбасы, сондай-ақ әйел адамның рухани және жеке дамуы жөнінде әсерлі дәріс оқыды.

Сонымен қатар, Шаңырақ мешітінің ұстазы Нұржайна ұстаз әйел мен ердің отбасындағы уәжіп және мұстахаб міндеттері жөнінде түсіндірме беріп, жамағатқа пайдалы кеңестер ұсынды.

Семинар жиналған қауымға рухани серпіліс сыйлап, отбасы құндылықтарын сақтау мен қоғамдағы әйелдің мәртебесін арттырудың маңыздылығын тағы бір мәрте айқындады.