blog Images

«Шаңырақ»мешітінде қажылыққа дайындық дәрісі өтті

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде қажылық құлшылығына рухани дайындық мақсатында арнайы семинар ұйымдастырылды.

Тағылымды жиынға мешіт жамағаты қатысып, қасиетті сапарға қатысты маңызды мәліметтер алды.

Семинар барысында ұстаз Өтебақ Әжімұхан Нұрмаханұлы «Рухани дайындық: ықылас, тәуекел, сенім» тақырыбында уағыз-насихат жүргізіп, қажылыққа тек материалдық емес, ең алдымен рухани тұрғыдан дайындалудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, ықыластың шынайылығы, Аллаға деген тәуекел және берік сенімнің құлшылықтағы орны кеңінен түсіндірілді.

Жиын соңында жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар беріліп, қатысушылар өздерін толғандырған мәселелерге нақты жауап алды.