blog Images

«Шаңырақ»мешітінде Қадір түні қарсаңында білім сайысы өтті

Қасиетті Рамазан айының ең қадірлі түндерінің бірі – Қадір түні қарсаңында Жаңаөзен қалалық  «Шаңырақ»мешітінде жамағат арасында “Iqro quiz” интеллектуалды жарысы ұйымдастырылды.

Танымдық сайысқа мешіт жамағатынан барлығы 80 адам қатысып, 16 команда өзара бақ сынады.

Жарыс барысында қатысушылар Құран, сира, ислам тарихы және діни танымға қатысты сұрақтарға жауап беріп, білімдерін сынады. Командалар арасында тартысты әрі қызықты ойын өтіп, қатысушылар белсенділік танытты. Мұндай интеллектуалды сайыстар жамағаттың діни білімін арттырып, бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосатыны анық.

Аталған жарысты жүргізіп, жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқан Айбек Достановқа жамағат атынан алғыс білдіреміз. Алла Тағала жасаған қызметіне разы болып, сауаптан жазсын!

Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз.