blog Images

«Шаңырақ»мешітінде интеллектуалды білім сайысы өтті

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінде «Iqro Quiz» интеллектуалды білім сайысы өтті.

Аталған шара – жастардың діни сауатын арттырып қана қоймай, ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбиені қатар дәріптеген мазмұнды басқосу болды.

Сайыс барысында қатысушылар Құран, хадис, ислам тарихы және салт-дәстүрге қатысты сұрақтар бойынша бақ сынап, өз білімдері мен логикалық ойлау қабілеттерін көрсетті. Жастардың белсенділігі мен ізденісі олардың тек діни білімге ғана емес, ата-бабадан келе жатқан асыл мұра – дәстүрге де құрметпен қарайтынын аңғартты.

Осындай игі шаралар – «дін мен дәстүр» сабақтастығын нығайтудың нақты көрінісі. Себебі қазақ халқының дүниетанымында ислам құндылықтары мен ұлттық әдет-ғұрып әрдайым өзара үйлесім тауып, ұрпақ тәрбиесінің негізіне айналған.

Іс-шара соңында наиб имам Кувандыков Дінмұхамбет Әлиұлы жеңімпаздарды марапаттап, барлық қатысушыларға алғыс білдірді. Сонымен қатар, ол білім сайыстарының жастар тәрбиесіндегі рөліне тоқталып, мұндай бастамалардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Қорытындылай келе,білім сайысының нәтижесі бойынша :

1-ші орын 30 000 тг
2-ші орын 20 000 тг
3-ші орын 10 000 тг
Үздік ойыншы -5 000 тг қаржылай сыйлықтар табысталды.