blog Images

«Шаңырақ»мешітінде «Адал ас-мұсылманның айнасы»атты семинар өтті

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған «Адал ас – мұсылманның айнасы» тақырыбында мазмұнды семинар ұйымдастырылды.

Тағылымды шараны  Әбубәкір Нұржайна ұстаз жүргізді.Семинар барысында қатысушыларға «QMDB Halal» стандартының маңыздылығы кеңінен түсіндіріліп, тағам құрамындағы күмәнді қоспалардан сақтану жолдары айтылды. Сонымен қатар, қайырымдылық себеттеріне алынатын азық-түліктің халал талаптарына сәйкестігі, Рамазан айындағы ауызашар дастарханына қойылатын тағамдардың халал әрі санитарлық нормаларға сай болуы және күнделікті тұрмыста халал таңбасына мән беру мәдениеті жан-жақты талқыланды.

Ұстаз адал астың рухани тазалықпен тікелей байланысты екенін атап өтіп, әрбір мұсылман отбасы ас дайындауда жауапкершілік танытуы керектігін жеткізді. Жамағат тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауаптар беріліп, тәжірибелік кеңестер ұсынылды.