«Шаңырақ»мешіті:Мешіт жамағаты арасында спорттық жарыс өтті
Жаңаөзен қалалық Шаңырақ мешітінің 30 жылдық мерейтойына орай, жамағат арасында үстел теннисінен спорттық жарыс ұйымдастырылды.
Аталған шара Талас теннис орталығында («Рахат») өтіп, оған мешіт жамағатынан шамамен 25 адам белсенді түрде қатысты. Жарыс барысындақатысушылар өзара тартысты әрі қызықты ойын өрнегін көрсетті.
Достық пен салауатты өмір салтын насихаттауды көздеген жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей анықталды:
І орын – Самурадов Асылбек
ІІ орын – Түгелов Наурызбай
ІІІ орын – Нұрғалиев Беркін
Сондай-ақ, ойын барысындағы шеберлігі мен белсенділігі үшін «Үздік ойыншы» номинациясы Нығмет Дастанға табысталды.
Жарыс жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Осындай игі шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады деп жоспарлануда.


