blog Images

«Шаңырақ»мешіті:«Бір айда -бір кітап»жобасы аясында білім сайысы өтті

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде «Бір айда – бір кітап » жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Сайын Мұратбековтың «Жабайы алма» шығармасы  талқыланды.

Аталған шараның негізгі мақсаты – жамағаттың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарды насихаттау және ұлттық әдебиетті дәріптеу болып табылады. Кездесу барысында қатысушылар шығарма мазмұнына терең үңіліп, кейіпкерлердің болмысы, ауыл өмірінің көрінісі және автордың айтар ойы төңірегінде өзара пікір алмасты.

Талқылау нәтижесінде қатысушылар арасында арнайы байқау ұйымдастырылып, үздік деп танылған жүлдегерлер анықталды. Атап айтқанда:

І орын – Жанат Бақытұлы (30 000 теңге);
ІІ орын – Тажибаев Абылай (15 000 теңге);
ІІІ орын – Нұрмұхаммедов Тоқсанбай (5 000 теңге).

Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен арнайы грамоталар табысталды.

Бас имам Еркеғали Сағынбайұлы өз сөзінде мұндай рухани жобалардың қоғам үшін маңыздылығын атап өтіп, кітап оқу арқылы адам ой-өрісін кеңейтіп, тәрбиелік мәні зор дүниелерді бойына сіңіретінін жеткізді. Сонымен қатар, алдағы уақытта да аталмыш жоба жалғасын табатынын айтып, жамағатты белсенді қатысуға шақырды.