«Шаңырақ»мешіті:Әйел-қыздар арасында білім сайысы өтті
«Шаңырақ» мешітінде «Пайғамбарлар тарихы» тақырыбында білім сайысы өтті
Іс-шараның негізгі мақсаты — жамағаттың діни сауатын арттыру, пайғамбарлар өмірінен тағылым алу, қатысушыларды ізденіске баулу және рухани бірлікті нығайту болды.
Сайыс 3 турдан тұратын топтық жарыс форматында өтті. Қатысушы топтар әр кезеңде өз білімдері мен дайындық деңгейін көрсетіп, белсенділік пен ұйымшылдықтың жоғары үлгісін танытты.
Сайысқа жауапты имам – Еркеғали Сағынбайұлы,ал іс-шараның ұйымдастырушысы – ұстаз Нұржайна Абубакир болды.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын — «Бәһр» тобы (50 000 теңге және діни кітаптар),
ІІ орын — «Зәмзәм» тобы (30 000 теңге және діни кітаптар),
ІІІ орын — «Сәфина» тобы (20 000 теңге және діни кітаптар).
Сонымен қатар, жүлдегер топтарға рухани білімдерін толықтыру мақсатында діни кітаптар сыйға тартылды.
Аталған сайыс жамағаттың діни білімін арттырып қана қоймай, өзара ынтымақ пен бірлікті нығайтуға, рухани дамуға үлкен серпін берді. Осындай тағылымды іс-шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп жоспарлануда.


