blog Images

«Шаңырақ ш/а» мешітінің қызметкеріне кіші қажылыққа жолдама берілді

Ораза айт мерекесінің құрметіне орай Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ ш/а» мешітінің бірқатар қызметкерлеріне алғыс айтылды.

Шара барысында мешіт бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы наиб имамдар Бағдат Смағұлұлы мен Дінмұхамбет Алиұлына, ұстаздар Әжімұқан Өтебақ пен Қазақбаева Айнұрға, кезекші молда Амидұлла Абдуллатипұлы және іс меңгеруші Жамалидин Сүлейменұлына алғыс хаттар табыс етті.

Еркеғали Сағынбайұлы іс меңгеруші Жамалидин Сүлейменұлының қызметіне ризашылығын білдіріп, кіші қажылыққа жолдама сертификатын берді.

Бұдан бөлек, мешіт ауласында көпшілікке арналған ұлттық спорт түрлерінен сайыстар ұйымдастырылды.