blog Images

«Шаңырақ ш/а» мешітінің бас имамы өңірлік жарыстан жүлделі оралды

Жаңаөзен қаласы «Шаңырақ ш/а» мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлы Атырау қаласындағы Батыс өңірінің (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары) садақшылары қатысқан ауқымды садақ ату жарысында 2 орынға ие болды.

«Дархан дала мергендері» дәстүрлі садақ ату, жамбы ату және садақ жасау өнерлерін дамыту клубы бұл шараны садақ ату өнерін насихаттау, осы ұлттық спорт түрінің өзіндік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырды.