blog Images

«Шаңырақ ш/а» мешіті: 200 «Рамазан қорапшасы» үлестірілді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ ш/а» мешітінің жанындағы Жастар ісі секторының мүшелері игі шара ұйымдастырды.

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында жүзеге асқан игі шара барысында мешіт наиб имамы Дінмұхамбет Алиұлы бастаған еріктілер сауда орталықтарында және қала көшелерінде «Рамазан қорапшасының» 200 данасын үлестірді.