blog Images

«Шаңырақ» мешіті:Зағип жандарға ауызашар дастарханы жайылды

Қасиетті Рамазан айында Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ»  мешітінің ұйытқы болуымен зағип жандарға арналған ауызашар дастарханы жайылды.

Қасиетті Рамазан айындағы бұл игі шара – қоғамдағы ерекше жандарға құрмет көрсетіп, оларға рухани демеу болудың жарқын көрінісі болды. Кеш барысында жиналған қауымға ыстық ықылас танытылып, мейірім мен жанашырлықтың мәні айшықталды.

Шара барысында Жаңаөзен қаласы “Қазақ зағиптар қоғамы” қоғамдық бірлестігі төрағасы Асқар Килджанов сөз сөйлеп, жиналған зағип жандар атынан ризашылығын жеткізді. Сонымен қатар, бас имам Еркеғали Сағынбайұлына Алғыс хат табысталып, Рамазан мерекесіне орай ақжарма тілектер айтылды.

Берекелі Рамазан айында жасалған әрбір қайырымды іс – қоғам бірлігін нығайтып, жүректерге жылулық сыйлайды. Ауызашардың өтуіне демеушілік көрсеткен «Green» отбасылық кафесінің басшысы Нұралы Азаматұлына ерекше алғыс білдіреміз!Алла Тағала барша игі амалдарды қабыл етіп, ел амандығы мен тыныштығын нәсіп етсін.