blog Images

Шаңырақ мешітінің қызметкерлері қала тазалықшыларына көңіл бөлді

Жаңаөзен қалалық Шаңырақ  мешітінің қызметкерлері қоғамға пайдалы игі іс-шара өткізді.
Қыстың суық күндерінде қаламыздың тазалығын қамтамасыз етіп, жол бойындағы қарды тазалау жұмыстарын атқарып жүрген коммуналдық қызметкерлерге жылы ықылас білдіру мақсатында ыстық шай мен пирожки таратылды.

Адал еңбек етіп, қаланың көркі мен тұрғындардың қауіпсіздігі үшін қызмет етіп жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсету – адамгершіліктің айқын көрінісі.

Алла Тағала Құран Кәрімде:
«Жақсылық жасасаңдар, өздерің үшін жасайсыңдар» (Исра сүресі, 7-аят) – деп баян етеді.

Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ:
«Адамдардың ең қайырлысы – адамдарға ең пайдалысы» – деген хадисінде қоғамға қызмет етудің маңызын атап өткен.

Аталған қайырымдылық бастамаға Жаңаөзен қалалық мешітінің бас имамы Еркеғали Альбетов Сағынбайұлы ұйытқы болды. Игі іске атсалысқан барша азаматтарға Алла разы болсын.

Осындай ізгі амалдар қоғамдағы өзара жанашырлық пен бірлікті арттырып, сауапты істердің жалғасын табуына себеп болсын.