«Шаңырақ» мешітінің 30 жылдық мерейтойына орай спорттық турнир өтті
Жаңаөзен қалалық Шаңырақ мешітінің 30 жылдық мерейтойына орай мешіт шәкірттері арасында футболдан ашық турнир ұйымдастырылды.
Аталған спорттық шара Жаңаөзен қалалық мешітінің молдасы Аңламас Нұрболат Сейдіұлының бастамасымен өткізіліп, шәкірттер арасында жоғары деңгейде әрі тартысты өтті.
Турнирдің негізгі мақсаты – жас шәкірттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, достық пен бірлікті нығайту, сондай-ақ мешіт жамағатының рухани және физикалық дамуына үлес қосу болды.
Жарыс барысында қатысушы командалар өзара жоғары дайындық пен ұйымшылдық танытып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әрбір кездесу шәкірттердің спортқа деген қызығушылығы мен командалық рухының жоғары екенін дәлелдеді.
Турнир соңында үздік нәтиже көрсеткен командалар мен ойыншылар арнайы марапаттарға ие болды. Ұйымдастырушылар тарапынан мұндай игі әрі тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізілетіні айтылды.


