blog Images

«Шаңырақ» мешітінде жамағатпен арнайы жиын өтті

Бүгін, 10 наурыз күні Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде Рамазан айының соңғы он күнінде иғтикафқа қалатын жамағатпен арнайы жиналыс өтті.

Жиналыс барысында наиб имам Дінмұхамбет Әлиұлы және ұстаз Өтебақ Әжімұхан Нұрмаханұлы иғтикафтың маңызы мен пайдасы жайлы насихат айтып, мешіттің ішкі тәртібі жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ иғтикафқа қатысатын жамағаттан арнайы өтініштер қабылданып, мешіт тәртібі мен талаптары таныстырылды.

Жиналыс қорытындысы бойынша қасиетті Рамазан айының соңғы он күнінде Жаңаөзен қалалық мешітінде 16 жамағат иғтикафқа қалатын болды.

Алла Тағала жасалатын құлшылықтарды қабыл етіп, Рамазан айының берекесін нәсіп етсін!