“Шаңырақ” мешітінде Республика күніне орай садақ атудан турнир өтті
Республика күніне орай Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешіті және «Садақ» дәстүрлі садақ ату бірлестігінің ұйымдастыруымен дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер арасында сайыс өтті.
Шараның негізгі мақсаты – ата-бабамыздан мирас болған ұлттық мұрамызды дәріптеу, жастардың бойында рухани құндылықтар мен отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттау болды.
Жарысқа Маңғыстау облысы мен Жаңаөзен қаласының жас мергендері қатысып, өз бақтарын сынады. Жарыс барысында қатысушылар 10 және 15 метр қашықтықта нысана көздеп, мергендік шеберліктерін танытты.
Іс-шараға арнайы Маңғыстау облысы жастар ісі секторының меңгерушісі Кувандыков Дінмұхаммед пен Жаңаөзен қалалық бас имамы Альбетов Еркеғали қатысып, жас спортшыларға ізгі тілектерін білдіріп, сәттілік тіледі.
Турнир нәтижесінде жүлдегер атанған жасөспірімдерге алғыс хаттар мен медальдар табысталды.
Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендердің көңілінен шықты.Сайыс нәтижесі бойынша:
15 метр (13–15 жас аралығы):
• 1орын -Кенжебек Айдар – (Ақтау)
• 2 орын- Есенбай Мұхаммед – (Ақтау)
• 3 орын- Нұржан Ниязбек – (Жаңаөзен)
10 метр (7–9 жас аралығы):
Ұлдар арасында:
• 1 орын- Данатар Нұрбек
•2 орын- Есенгелді Жақсылық
• 3 орын-Джолдыбай Махмуд
Қыздар арасында:
•1 орын- Сапарбекова Айлин
•2 орын- Құбаш Айя
•3 орын- ШүкірАлла Айша иеленіп,барша жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталды.







