«Шаңырақ» мешітінде «Рамазанға қатысты 200 сұрақ»кітабы таратылды
Қасиетті жұма күні Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінде жамағатқа рухани насихат ретінде «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» атты кітап тегін таратылды.
Жұма намазына жиналған жамағатқа намаздан кейін ұсынылған бұл кітапта Рамазан айына байланысты ең көп қойылатын сұрақтар мен олардың шариғаттағы жауаптары жинақталған. Еңбекте оразаның үкімдері, оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар, ауызашар мен сәресіге қатысты мәселелер, сондай-ақ Рамазан айындағы құлшылықтар туралы маңызды мәліметтер қамтылған.
Аталған кітап жамағаттың Рамазан айындағы құлшылықтарын дұрыс орындауына бағыт-бағдар беріп, діни сауатын арттыруға көмектеседі.
Осындай пайдалы еңбектерді тарату арқылы мешіт қызметкерлері жамағаттың діни білімін арттыруға және қасиетті айдың қадір-қасиетін түсіндіруге ерекше көңіл бөліп келеді.
Алла Тағала қасиетті Рамазан айының берекесін нәсіп етіп, жасаған барлық құлшылықтарымызды қабыл етсін!
