blog Images

Шаңырақ мешіті:Халықаралық орамалдар күніне орай рухани жиын өтті

1-ақпан – Халықаралық орамалдар күніне орай, Жаңаөзен қалалық Шаңырақ мешітінде Нұржайна Абубакир ұстаздың бастамасымен «Орамал – рухани қорған» тақырыбында тағылымды рухани жиын ұйымдастырылды.

Шараға мешіттің әйел-қыздар жамағаты кеңінен қатысты.Жиын барысында орамалдың мұсылман әйел өміріндегі орны, оның рухани әрі тәрбиелік маңызы кеңінен айтылды. Ұстаз әуретті дұрыс жабудың мәні мен шариғаттағы үкіміне тоқталып, орамалдың әйел абыройын сақтайтын, иманын күшейтетін қорған екендігін түсіндірді.

Кездесу барысында жамағат мүшелері орамалға келу жолындағы өз өмірлік оқиғаларымен, жүрек тебірентер әсерлерімен бөлісті. Бұл әңгімелер қатысушыларға рухани серпіліс беріп, бір-біріне қолдау көрсетуге себеп болды.

Шара соңында жамағат арасында өзара сыйлықтар тарту етіліп, жиын жылы лебіздер мен көтеріңкі рухани көңіл күйде қорытындыланды. Қатысушылар осындай пайдалы кездесулердің жиі өтіп тұрғанын қалап, ризашылықпен тарқасты.