blog Images

«Шаңырақ» мешіті:Ерекше жандар күніне орай қайырымдылық шарасы өтті

«Ерекше сый» – Республикалық ерекше жандар күніне орай Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өтті.

Қайырымдылық шара барысында мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға көмек көрсетіліп, мотивациялық бағыттағы кездесулер ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласындағы арнайы мектептің оқушыларына қайырымдылық қолдау жасалды.

Жаңаөзен қалалық мешітінің бас имамы Еркеғали Альбетов жиналған ата-аналарға жүрекжарды алғысын білдіріп, игі істің сауапты болуын тіледі.

Мешіт ұжымы бұл шараны мүміндігі шектеулі жандарға деген қоғамның сүйіспеншілігі мен жанашырлығының айқын көрінісі деп бағалады.