blog Images

«Шаңырақ» мешіті:«Дархан дала»жобасы аясында киелі орындарға зиярат жасады

ҚМДБ Құран секторының  меңгерушісі Ахмет Серік Полатханұлы Маңғыстау облысына  іссапар барысында  «Дархан дала»отандық туризм жобасы аясында рухани танымдық жерлерге арнайы барды.

Жаңаөзен қалалық  «Шаңырақ» мешітінің ұйымдастыруымен өткен сапар  барысында мешіт қызметкерлері алдымен қасиетті «Шопан ата» зияратына барып, құран бағыштап, дұға жасады. Одан кейін Маңғыстау өңірінің ең көрікті жерлерінің бірі саналатын Бозжыра шатқалына  жол тартты. Бұл игі шара қатысушылардың рухани тынығуына, табиғат аясында ой сергітуіне және туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысуына мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Бозжыра – «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында өңірлік маңызы бар қасиетті нысандар қатарына енген бірегей мекен. Ақтаудан шамамен 300 шақырым қашықтықта орналасқан бұл аймақ өзінің ақ жартасты көрінісімен, ерекше табиғи ландшафтымен көпшілікті таңғалдырады.

Осындай тағылымды сапарлар жамағаттың рухани байланысын нығайтып, туған жердің тарихы мен табиғатын тереңірек тануға жол ашады.