blog Images

«Шаңырақ ш/а» мешіті: Жамағаттың айлық отырысы өтті

Жаңаөзен қаласындағы «Шаңырақ ш/а» мешіті және жергілікті Жастар ісі секторының өкілдігі ақпан айындағы жамағаттың айлық отырысын ұйымдастырды.

Мешіт бас имамы Еркеғали Сағынбайұлының және жергілікті дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен жүзеге асқан шараға құлшылық үйінің жамағаты шақырылып, ақ дастарқан басында қонақ болды.

Шара барысында уағыз-насихат айтылып, рухани сұхбат өрбіді. Сондай-ақ, викториналық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап берген азаматтарға арнайы сыйлықтар табыс етілді.

Игі дәстүрге айналған осындай айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттері жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.