blog Images

«Шаңырақ» мешіті қала тазалықшыларына «Рамазан қоржынын»үлестірді

Қасиетті Рамазан айында Жаңаөзен қалалық  «Шаңырақ»мешітінде «Рамазан қоржыны қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Қайырымдылық шарасы аясында қала тазалығын қамтамасыз етіп жүрген еңбек адамдарына азық-түлік салынған «Рамазан қоржындары» үлестірілді.

Қоржынға күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері салынып, олар «Тазалық-С» мекемесінің қызметкерлеріне табысталды. Қала тазалығы үшін аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлер көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыстарын білдірді.

Мұндай игі бастамалар Рамазан айының мейірім мен жанашырлыққа толы рухын айшықтап, қоғамдағы бірлік пен өзара көмекті нығайта түседі Жаңаөзен қалалық мешіті алдағы уақытта да қайырымдылық шараларын жалғастырып, қоғам игілігі үшін қызмет етуді мақсат етеді.

Алла Тағала жасалған әрбір сауапты істі қабыл етіп, берекесін арттырсын!