blog Images

«Шаңырақ »мешіті: Әйел-қыздар арасында рухани жиын өтті

Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітіне 30 жыл толуына орай, әйел-қыздар жамағатына арналған Миғраж түніне орай рухани жиын өтті.

Шара барысында Миғраж түнінің мәні мен маңызы кеңінен насихатталып, Абубакир Нұржайна және Үшқоңыр медресе-колледжінің студенті, практикант Абубакир Гүлжайна ұстаздар тағылымды уағыз-насихат айтты. Жиынның рухани көркін арттыру мақсатында Пайғамбарымызға (с.а.у.) арналған салауат хоры орындалып, тәрбиелік мәні зор ислами көріністер қойылды.

Сонымен қатар, қатысушыларға арналған көңілді ойындар ұйымдастырылып, сыйлықтар табысталды. Шара соңында қонақтарға арнап фуршет жайылып, жамағат рухани әсермен тарқасты.

Осы тағылымы мол, мазмұнды рухани жиынның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, әрдайым ізгі бастамаларға демеу болып жүрген Жаңаөзен қалалық «Шаңырақ» мешітінің бас имамы Еркеғали Сағынбайұлына шынайы алғысымызды білдіреміз.