blog Images

«Шаңырақ» медресе шәкірттерінің арасында Құран жарысы өтті

  «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа»мешіті және  жанашыр жамағаттың демеушілігімен «Шаңырақ» медресе шәкірттері арасында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан жарыс өтті.

Шындығында да, асыл діннің қайталанбас құндылығы, екі дүние бақытының баяны Құран Кәрімді насихаттау – әрі сауапты, әрі жауапты үрдіс.Шәкірттер арасында діни сауаттылықты арттыру мақсатында өткен сайыс нәтижесі бойынша жеңімпаз атанған шәкірттерге арнайы сертификаттар беріліп,қаржылай сыйлықтар берілді.Жарыс соңында ақ дастархан жайылып,дәм татылды.