blog Images

«Әбіш қожа» мешіті: Шәкірттер футбол ойнады

Жаңаөзен қаласы орталық «Әбіш қожа» мешітінің жанындағы Жастар ісі секторы футбол ойынын ұйымдастырды.

Салауатты өмір салтын өскелең ұрпаққа дәріптеу, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында өткен спорттық шараға «1 айда Құранға түс» жобасы аясында мешітте дәріс алып жүрген шәкірттер қатысып, өзара жолдастық кездесу өткізді.