blog Images

Сайын Шапағатов мешітінің ұжымы балалар үйінің бүлдіршіндерімен кездесті

Түпқараған ауданы, Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен мешіт жамағаты жетім балалар үйіне арнайы зиярат жасады.

Игі шара барысында балаларға тәттілер мен сыйлықтар тарту етіліп, көтеріңкі көңіл күй сыйланды. Жамағат бүлдіршіндермен жүздесіп, жылы лебіздері мен ақ тілектерін жеткізді.

Мұндай қайырымдылық шаралары қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты нығайтып, қамқорлыққа мұқтаж балаларға қолдау көрсетудің маңызды үлгісі болып табылады.