blog Images

Сайын Шапағатов мешітінде тазалық жұмыстары жүргізілді

Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Игі шараға мешіт қызметкерлері мен жамағат белсене қатысып, мешіт аумағын тазалап, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.

Сенбілік барысында аула тазартылып, қоқыстар жиналып, айнала ретке келтірілді. Мұндай шаралар жамағатты еңбекқорлыққа, тазалыққа және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға үндейді.

Аталған игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.