Сайын Шапағатов мешітінде рухани-ағартушылық дәріс өткізілуде
Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде «Қазақ даласындағы мұсылмандық мектеп» кітабы негізінде дәрістер өткізілуде.
Аталған сабақтарда жамағатқа қазақ жеріндегі ислам білімінің тарихы мен діни ағартушылықтың маңызы кеңінен түсіндірілуде.
Дәрісті мешіттің бас имамы Арман имам жүргізіп, қатысушыларға рухани-танымдық бағытта терең мағлұматтар беруде. Дәріс барысында жамағат ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі дін сабақтастығы жайында маңызды ақпараттар алуда.
