Сайын Шапағатов мешітінде «Мүлік»сүресінен сайыс өтті
Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде әйел жамағаты арасында Құран Кәрімнің «Мүлік» сүресі бойынша рухани сайыс ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар сүрені жатқа оқу және мәнерлеп оқу бойынша өзара бақ сынасты. Жарыс жамағаттың діни білімге деген қызығушылығын арттырып, Құран аяттарына деген құрметті күшейтуге бағытталды.
Сайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, жеңімпаздарға қаржылай сыйлықтар табысталды.
