blog Images

Сайын Шапағатов мешітінде «Дін мен дәстүр III»кітабынан білім сайысы өтті

Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде Түпқараған ауданы бойынша жамағат арасында «Дін мен дәстүр 3 » кітабынан білім сайысы ұйымдастырылды.

Шараға ауылдық ақсақалдар мен ардагерлер қатысып, байқаудың маңыздылығын атап өтті. Қатысушылар білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты.

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға дипломдар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді. Іс-шара барысында рухани тәрбиенің, дәстүрлі құндылықтардың маңызы кеңінен насихатталды.