blog Images

Сайын Шапағатов мешіті: Жамағаттың айлық отырысы ұйымдастырылды

Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде жамағаттық айлық отырысы ұйымдастырылып, ақ дастарқан жайылды.

Мешіт имамы Сәбит Егізханұлының ұйытқы болуымен жүзеге асқан шарада аудан бас имамы Дәурен Әліайдарұлы бастаған Түпқараған аудандық орталық мешітінің жамағаты қонақ болды.

Алдымен Дәурен Әліайдарұлы құлшылық үйінің жамағатына «Бақыттың кілті — Исламда» тақырыбында уағыз айтса, жергілікті дін қызметкерлері жайған ақ дастарқан басында «Жамағат бірлігі» тақырыбында сөз қозғады. 

Игі дәстүрге айналған айлық шаралардың мақсаты Маңғыстау облысы мешіттер жамағатының ауызбіршілігін арттыру, ынтымақтастығын нығайту, бауырмалдық қатынастарын күшейту екендігін айта кеткеніміз жөн.