Сайын Шапағатов мешіті: «Ислам және адал қоғам» жылы аясында рухани жиын өтті
Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің ұйымдастыруымен және Түпқараған ауданына қарасты мешіттердің имамдарының қатысуымен рухани жиын өтті.
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында қоғамда адалдықты, имандылықты және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды іс-шараға Ақсақалдар мектебінің қариялары да қатысып, жастарға өнегелі сөз айтып, рухани-әдеби кеңестерін жеткізді. Іс-шара барысында адалдық, имандылық және қоғамдық жауапкершілік мәселелері кеңінен насихатталып, жиын соңында ел бірлігі мен амандығы үшін дұға жасады.





