blog Images

Сайын Шапағатов мешіті: 10 отбасыға көмек көрсетілді

Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық мешіті кезекті қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.

Қасиетті Ережеп айының құрметіне жүзеге асқан іс-шара барысында мешіт имамы Сәбит Егізханұлы бастаған еріктілер әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға азық-түлік салынған себеттерді үлестіріп берді. Белгілі бір жағдайлармен құлшылық үйіне келе алмаған жандардың үлесі үйлеріне дейін жеткізіліп, қолма-қол табыс етілді.

Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің ұжымы игі шараға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді! Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!