Сайын Шапағатов ауылында «Жат ағымнан сақтану» тақырыбында кездесу өтті
Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің имамы Досанов Арман Сайын Шапағатов ауылдық мектеп оқушыларымен «Жат ағымнан сақтану» тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шара барысында мешіт имамы оқушыларға діни сауаттылықты арттыру, сенімді ақпарат көздеріне сүйену және жат діни ағымдардың алдын алу жолдары туралы түсінік берді. Сондай-ақ жастарға дұрыс дүниетану мен қоғамдағы жауапкершілік мәселелері жөнінде насихат айтылды.




