Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде «Пәтуа сағаты»өтті
Қасиетті Рамазан айында Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде құптан намазы алдында жамағатпен «Пәтуа сағаты» өтті.
Кездесу барысында мешіттің бас имамы Арман Азанқұлұлы жамағатқа Рамазан оразасына қатысты пәтуалар мен діни үкімдер жайында түсіндіріп, қасиетті айдың маңызы туралы насихат айтты.
Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған ораза, құлшылық және күнделікті діни амалдарға қатысты сұрақтарға жауап беріп, шариғат тұрғысынан кеңестерін жеткізді.
