blog Images

Сайын Шапағатов ауылдық мешіті 10 отбасына «Рамазан қоржынын» үлестірді

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Түпқараған ауданына қарасты Сайын Шапағатов ауылдық мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Мешіт имамы Сәбит Егізханұлының ұйытқы болуымен жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған 10 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.

Сайын Шапағатов ауылдық мешітінің ұжымы осы игі шараға қол ұшын созып, қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс білдіреді! Алла садақаларыңызды қабыл етсін!