blog Images

«Сағындырған Рамазан» атты рухани кеш өтті

Жаңаөзен қаласына қарасты мешіттердің ұстаздары және «Адал ниет» қайырымдылық қоры жергілікті әйел-қыздар жамағаты үшін «Сағындырған Рамазан» атты рухани кеш ұйымдастырды.

Берекелі Рамазанның қарсаңында ұйымдастырылған кеш барысында 11 наурыз күні өткен Құран Кәрімнің 30 парасын жатқа айтудан жарыстың жеңімпазы мен жүлделі орын иегерлеріне кіші қажылыққа жолдамалар табыс етілді. Сондай-ақ, өзге қатысушы шәкірттерге 50.000 теңгеден ынталандыру сыйлықтары берілді. 

200-ге жуық әйел-қыздар жамағаты қатысқан рухани отырыста түрлі қойылымдар қойылып, қызықты ойындар ұйымдастырылды. Кештің арнайы шақырылған қонағы – Алматы қаласындағы «Алғабас» мешітінің ұстазы, тұлғалық даму кеңесшісі Жұлдыз Ерланқызы «Рамазанды пайдалы әрі жеңіл өткізудің жолдары» тақырыбында уағыз айтып, тұщымды ой-пікірлерімен бөлісті.