blog Images

«Сәби молда Атабайұлы» мешітінің ауласына ағаш отырғызылды

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында жақында ашылған «Сәби молда Атабайұлы» мешітінің ауласын абаттандыру жұмыстары басталды.

ҚМДБ-ның «Рамазанда бір тал ек» атты қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатындағы бастамасына орай құлшылық үйінің ауласына 100 ден астам жеміс және 40 түп шырша ағашы отырғызылды.