blog Images

Сәби Атабайұлы мешіті:Қадір түні қарилар мен жамағатқа құрмет көрсетілді

Қадір түні қарсаңында Сәби Атабайұлы мешітінде тағылымды әрі мазмұнды іс-шара ұйымдастырылды. Рухани кеш аясында қарилар мен мешіт жамағатына ерекше құрмет көрсетілді.

Мешіт ақсақалдарына шапан жабылып, бір ай бойы мешітте Құран хатым жасаған қариларға құрмет  білдірілді. Сонымен қатар, мешіт қызметкерлеріне де алғыс ретінде шапан мен арнайы сыйлықтар табысталды. Бұл – дін жолында қызмет етіп жүрген азаматтарға деген құрметтің айқын көрінісі болды.

Сондай-ақ шара барысында жамағат арасында білім сайысы өткізіліп, қатысушылар діни сауаттарын сынады. Танымдық сайыс көпшілікке рухани серпіліс сыйлап, Қадір түні қарсаңындағы кештің мазмұнын арттыра түсті.