blog Images

«Садақ ату өнері – пайғамбар сүннеті» атты жарыс өтті

Жаңаөзен қаласының маңындағы Теңге ауылында орналасқан «Қосай ата» мешітінде садақ атудан жарыс ұйымдастырылды.

Жеке және командалық жарыс ретінде өткен спорттық шараға мешіт имамдары, қызметкерлері және жамағаты қатысты.

Жекелеген қатысушылар арасында жарыс нәтижесі төмендегідей:

І орын — Жұмағалиев Қасым;

ІІ орын — Исмағанбетов Алият ақсақал;

ІІІ орын — Сабыт Қоныс.

Командалық жарыс нәтижесі төмендегідей:

І орын — «Мергендер» тобы;

ІІ орын — «Қосай ата» тобы;

ІІІ орын — «Садақшылар» тобы.

Жеңімпаздар және жүлделі орын иегерлері арнайы алғыс хаттар және медальдармен марапатталды.