Рухани саладағы әйел ұстаздар алғыс хатпен марапатталды
Маңғыстау облыстық орталық Бекет ата мешітінде өткен ұстаздар басқосуында бірнеше әйел ұстаздар алғыс хатпен марапатталды.
Жаңаөзен қалалық орталық Әбіш қожа мешітінің ұстазы Айдана Мұңайтпасқызы Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Ізімбайұлының атынан Алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ 2025 жылы жемісті қызмет атқарған бірқатар ұстаздарға рухани еңбектеріне қолдау ретінде «Руханият» кітап дүкеніне сыйлық сертификаттары табысталды.
Басқосу соңында Маңғыстау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Ұлдаулет Қоңыратбайқызы ұстаздарға атқарған еңбектері үшін алғыс білдіріп, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.




