

Ризабек Батталұлы әйел жамағатына насихат айтты
Елімізге белгілі исламтанушы, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің әйел-қыздар жамағатымен кездесті.
«Ислам және ізгі қоғам» бағыты аясында ұйымдастырылған шара барысында Ризабек Батталұлы отбасы құндылықтары, әйел адамның жанұядағы орны туралы сөз қозған, жиналған көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.