Республика күніне орай Қосай ата мешітінде ұлттық ойын сайысы өтті
Республика күніне орай Жаңаөзен қаласы Теңге ауылдық «Қосай ата«мешітінде жасөспірімдер арасында ұлттық ойын — ләңгі тебуден жарыс ұйымдастырылды.
Дін мен дәстүрдің сабақтастығын сақтау және жастарды ұлттық құндылықтарға баулу мақсатында өткізілген сайыста мешіттің бас имамы Нұрмұхаммед Бахарамұлы Республика күні – елдің еркіндігі мен тұтастығын айшықтайтын маңызды мереке екенін атап өтіп өтті.
Жарыс барысында қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытты. Нәтижесінде жүлделі орын иегерлеріне сыйлықтар табысталды.








