blog Images

Республика күніне орай Баянды ауылдық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Республика күніне орай Баянды ауылдық мешітінің бас имамы Саламат Түгелбайұлының ұйымдастыруымен ауылдағы аз қамтылған 10 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Шара барысында 10 мұқтаж отбасыға күнделікті қажетті азық-түлік түрлері табысталып, олардың қуанышына себеп болды.

Игі істің мақсаты — қоғамда мейірім мен бауырмалдықты арттыру, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсету.