blog Images

Республика күніне орай ақсақалдар арасында спорттық сайыс өтті

Республика күніне орай  Маңғыстау облыстық «Бекет ата» мешітінің ұйымдастыруымен қоғамда салауатты өмір салтын насихаттау, ақсақалдар арасындағы бірлік пен ынтымақты арттыру мақсатында волейболдан жарыс өткізілді.

Аталған спорттық шараға өңірдің әр аймағынан келген ақсақалдар қатысып, өзара тәжірибе алмасып, жоғары деңгейде тартысты ойын өрнегін көрсетті. Жарыс барысында әділ бәсеке, сыйластық пен бауырмалдық рухы айқын көрініс тапты.

Жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – Бесшоқы командасы,
ІІ орын – Ақтау командасы,
ІІІ орын – Каспий командасы иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар арнайы алғыс хаттармен, дипломдармен және марапаттармен марапатталды. Ұйымдастырушылар тарапынан жарысқа қатысқан барлық ақсақалдарға ризашылық білдіріліп, осындай игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табатыны атап өтілді.