Республика күнінде жазасын өтеушілермен спорттық шара ұйымдастырылды
Республика күні қарсаңында Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінің наиб имамы Оңғарбаев Байкенже Маңғыстау ҚАЖД қарасты №77 мекемесінде оқшауланған аймақта жазасын өтеуші азаматтармен спорттық шара ұйымдастырды.
Шараның мақсаты – жазасын өтеушілерді қолдау, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, ортаға бейімдеу және саламатты өмір салтын насихаттау.Шарада жазасын өтеушілер қол күрес,арқан тартыс, гір тасын көтеру, үстел теннисі және т.б спорт түрлерінен сынға түсті. Алға оза шапқан жазасын өтеушілерге арнайы сыйлықтар берілді.