blog Images

Республика күні қарсаңында Баянды мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында демеуші азаматтардың қолдауымен Баянды ауылдық мешітінде әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді.

Игі шараның мақсаты – мұқтаж отбасыларға қолдау білдіріп, мереке қарсаңында қуаныш сыйлау. Қайырымдылық ісі қоғамдағы өзара жанашырлық пен мейірімділікті арттырып, қайырымдылықтың маңызын айқындай түсті.

Қайырымдылыққа үлес қосқан азаматтарға алғыс білдіреміз!