blog Images

РАНТ мүшесінің облыстық «Бекет ата» мешітіндегі дәрістері жалғасуда

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі, Жаңаөзен қаласының бас имамы Юнус Қадырқұлұлы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде болды.

Юнус Қадырқұлұлы құптан намазына жиналған жамағатқа «әр-Ра’д» сүресінің мән-мағынасын ашып, 15-16 аяттарының тәпсірін түсіндірді.